Жарияланған күні: 27.10.2020 22:06
Өзгертілген күні: 27.10.2020 22:08

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 07 қазандағы  № 347 бұйрығын танысу үшін орналастырады.

         Көрсетілген бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

ҚР НҚА эталондық  бақылау  банкінде электронды түрде 2020 жылы  12 қазанда ресми түрде жарияланды.

         Қосымша: «Сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері  туралы» Қазақстан  Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 07 қазандағы  № 347 бұйрығы.

 

 Кедендік әкімшілендіру басқармасы

 

 

Сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы

      "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 27-1-бабының 13-тармағына сәйкес, қоршаған ортаны қорғау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Достық" кеденінің "Алакөл" кеден бекеті арқылы сұйытылған мұнай газын әкетуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде басталатын және аяқталатын орны ауыстырылатын транзиттік тасымалдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған мұнай газын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 970 0), пропанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 940 0) және бутанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 13 970 0) автомобиль көлігімен әкетуге үш жыл мерзімге тыйым салынсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнай-газ-химия департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдау туралы хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнай-газ-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 Қазақстан Республикасы

 
Энергетика министрі

                       Н. Ногаев