Жарияланған күні: 28.02.2017 12:39
Өзгертілген күні: 28.02.2017 12:41

Сыртқы экономикалық қатысушылардың назарына!

         Кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру бойынша Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған жұмысын сәйкес, қазіргі уақытта «Астана-1» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - «Астана-1» АЖ) енгізудің пилоттық нұсқасы жүзеге асырылуда.

         Аталған пилоттық жобаның міндеттері болып: Қазақстан Республикасының кедендік саясаты мен процедураларын халықаралық стандарттар мен жоғарыдағы деңгейлі тәжірибеге сәйкес жетілдіру, электронды декларациялау жүйесін енгізу, экспорт және импорт үшін құжаттардың санын және оларды өңдеудің уақытын қысқарту, тәуекелдерді басқарудың алдыңғы деңгейлі әдістемесін және пост-кедендік бақылауды енгізу, ҚР ҚМ МКК оперативтік потенциалын көтеру және жемқорлықпен күресті, сонымен қатар кедендік саладағы басқа да құқық бұзушылықтарды  тиімділендіру табылады.

       «Астана-1» АЖ енгізу ҚР ҚМ МКК-не кедендік процестерді және әкімшілік және Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің қатысушыларына уақытша шығындарды жетілдіруге мүмкіндік береді. «Астана-1» Жүйесі барлық кедендік процестер мен операцияларды қамтиды, және ҚР ҚМ МКК салықтық база деректерімен біріктіріледі, сонымен қатар ҚР басқа мемлекеттік органдарымен және ЕурАзЭҚ елдерімен өзара әрекеттікті жүзеге асырады.

      «Астана-1» АЖ бағдарламалық-қолданбалы жүзеге асыруды уақытылы және сапалы қолдану мақсатында, сонымен қатар ары қарайғы кедендік декларациялау және тауарларды кедендік тазалау барысында осы ақпараттық жүйедегі мүмкін болатын әр түрлі олқылықтарды болдырмау мақсатында, осы жобаны жүзеге асыруға қатысуды сұраймыз.

       Жобаға қатысу ерікті болып саналады, қаржылық шығынды талап етпейді және барлық қатысушы-тұлғаларға сыртқы саудалық келісімдерді жасауда «Астана-1» АЖ енгізу үдерісін жеделдетуге және жеңілдетуге мүмкіндік береді.

      Оңды шешім қабылдаған жағдайда, Сіздің ұйымнан әрекеттерді үйлестіруге жауапты тұлғаның байланыс деректерін Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментіне келесі мекен-жай бойынша ұсынуды сұраймыз: Қостанай қ., Гоголь к-сі 183, байланыс телефондары: 53-69-75, 53-58-71, 53-74-09, электрондық мекен-жай: astana_kost@taxkost.mgd.kz