Жарияланған күні: 27.03.2017 15:03
Өзгертілген күні: 27.03.2017 15:04

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушлардың назарына!!!

Кедендік декларациялау жазбаша және (немесе) кедендік декларация пайдаланыла отырып, электронды нысандарда жүргізіледі.

         Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға мәлімет үшін мынаны хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрілігі Мемлекеттік кірістер комитетінің 2017 тжылғы 18 наурыздағы шғ. № КГД-11-1-ЮЛ-Е-779-КГД-7330  хатына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV Кодексінің  (бұдан әрі - Кодекс) 277-бабының 3-тармағына сәйкес кедендік декларациялау жазбаша және (немесе) кедендік декларация пайдаланыла отырып, электронды нысандарда жүргізіледі.

278-бабының 6-тармағына сәйкес кедендік декларацияны жазбаша нысанда беру кеден органына табыс етілген электронды көшірмесімен бірге жүруі тиіс.

Сонымен қатар, штаттан тыс жағдайлар туындаған жағдайда (ақпараттық жүйелердің істен шығуы) кедендік декларацияның электрондық көшірмесін беру сыртқы тасымалдағыштар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Сондай-ақ, кедендік операцияларды жеңілдету және тездету мақсатында Кодекстің 291 және 293-баптарының шарттары сақталған жағдайда, тауарларды кедендік декларациялау алдын ала және мерзімдік кедендік декларациялауды қолдану арқылы мүмкін екендігін хабарлаймыз.

 

Тарифтік реттеу және

пост-кедендік бақылау басқармасы