Жарияланған күні: 30.01.2020 11:14
Өзгертілген күні: 30.01.2020 11:15

      Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты, Қазақстан ДСҰ шарттарында әкелу мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі шеңберінде қолданыстағы кедендік баждардан төмен алып тастаулар тізбесінен Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына тауарларды шығаруға жол бермеу бойынша міндеттемелерді өзіне алғанын хабарлайды.

Бүгінгі күні алып қою тізбесі 3815 тауар позициясынан тұрады.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 5 шешіміне сәйкес  «Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуына байланысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналымының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) аумағында тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан өткізу кезінде тауарға ілеспе құжат ретінде электрондық шот – фактураның қағаз көшірмесі танылады, ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті аумақтық органының мөрімен куәландырылады, сондай-ақ мынадай құжаттардың бірімен бірге жүреді:

      а) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің ставкалары бойынша үшінші елдерден бұрын әкелінген тауарларды өткізу кезінде – ҚР ҚМ МКК аумақтық органының мөрімен куәландырылған кедендік декларацияның көшірмесі;

       б) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларды өткізу кезінде СТ-1 нысанындағы тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасы;

         в) еркін экономикалық аймақ және еркін қоймалар аумақтарында өндірілген тауарларды өткізу кезінде СТ-КZ нысанындағы тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасы;

       г) бұрын басқа мүше мемлекеттерден әкелінген тауарларды өткізу кезінде - тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің көшірмесі.

Алып тастаулар тізіміне  енгізілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына әкеткен жағдайда ЭШФ көшірмелерін, тауарларға арналған декларацияларды тауарға ілеспе құжат ретінде растау салық төлеушінің орналасқан жері бойынша МКО-да жүзеге асырылады.

Алып тастаулар тізіміне енгізілген тауарларды бақылау мақсатында Қазақстан тауарға ілеспе құжаттар қалыптастырылатын «электрондық шот-фактуралар»  ақпараттық жүйесін пайдаланады.

            Бұл ретте, тауарларды алып тастау тізімінен ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағына жоғарыда аталған растайтын құжаттарсыз өткізгені  үшін қолданыстағы заңнама бойынша 50 АЕК айыппұл түрінде, бір жыл ішінде бірнеше рет бұзғаны үшін - 100 АЕК мөлшерінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

СЭҚ қатысушылары (тасымалдаушылар) алып тастаулау тізімімен және басқа да нормативтік-құқықтық актілермен www.kgd.gov.kz (ДСҰ) сайтында таныса алады немесе аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларына немесе Департаментке 53-73-44 телефоны бойынша, сондай-ақ Қостанай қаласы, Майлин көшесі, 2 үй мекенжайы бойынша хабарласуға болады.

 

Экспорттық бақылау басқармасы