Жарияланған күні: 15.06.2021 15:20
Өзгертілген күні: 15.06.2021 15:16

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мынаны хабарлайды.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 56-бабының 4-тармағын, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 12 қосымшаның 25-тармағын, өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияның 7-бабының 1-тармағын, "өсімдіктер карантині туралы" ҚР Заңының 7-бабы 1-тармағының 19-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті 2021 жылғы 7 маусымнан бастап Түрікменстан аумағынан карантинге жатқызылған өнім - қызанақ (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 0702 00 000) және бұрыш (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 0709 601 001) өнімін Қазақстан Республикасына әкелуге тыйым салу түрінде уақытша карантиндік фитосанитариялық шараларды енгізу туралы шешім қабылдады.

 

Кедендік әкімшілендіру басқармасы