Жарияланған күні: 06.05.2015 15:37
Өзгертілген күні: 06.05.2015 15:38

Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салуға байланысты

 

Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жер қойнауын пайдаланушыларға салық салуға байланысты салық заңнамасына түсінік беру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс аясында келесіні хабарлайды:

Салық кодексінің 12-бабының 1-тармағына 14)-тармақшасына сәйкес, акционер, қатысушы, құрылтайшы немесе олардың өзара байланысты тарапы заңды тұлғадан дивидендтер келесі табыстар көзінде етіледі:

-          тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық

бағасы мен осындай тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің акционерге, қатысушыға, құрылтайшыға немесе олардың өзара байланысты тарапына өткізілген баға арасындағы оң айырма;

-          тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық

бағасы мен осындай тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің акционерден, қатысушыдан, құрылтайшыдан немесе олардың өзара байланысты тарапынан сатып алынған баға арасындағы теріс айырма.

            12-бабы 1-тармағының 14)-тармақшасына көрсетілген оң немесе теріс айырма салық салу объектілерін түзету кезінде айқындалады. Бұл ретте салық салу объектілерін түзету Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүргізіледі.

Сонымен қатар, Салық кодексінің 193-бабының 4-тармағына сәйкес, қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес түрде ақшаны, бағалы қағаздарды, қатысу үлесін, тауарларды, мүлікті беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстарды төлеу бойынша бейрезиденттің алдындағы берешекті өтеу есебінен жүргізілетін борышты талап етуді есептен шығару немесе есебіне жатқызу табысты төлеу деп түсініледі.

Осылайша, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес салық салу объектілерін түзету кезінде пайда болатын дивидендтерге салық салу кезінде, осы Кодекстің 12-бабы 1-тармағы 14) тармақшасының бірінші бөлігінің екінші-бесінші абзацтарына және екінші бөлігіне сәйкес табысты айқындау табысты төлеу деп түсініледі. Бұл ретте, корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін осы Кодекстің 149-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім табысты төлеу күні болып табылады.

Сонымен, Салық кодексінің 194-бабының 6-тармағына сәйкес, қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстары бойынша төлем көзінен 15 пайыз мөлшерімде салық салуға жатады.

 Бұл хат ҚР ҚМ Мемлкеттік кірістер комитетінің ұстанымын көрсетеді және кәсіпорынның бухгалтерлік қызметінің жұмыста есепке алуына арналған. Салық кодексінің 70-бабына сәйкес, салық төлеуші салық міндеттемелерін қосымша салық есептемесін ұсыну арқылы өз бетінше түзетуге құқылы.

Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, салық есебінде бұзылыстар анықталған болса, өзінің салық міндеттемелерін Салық кодексінде бекітілген тәртіппен өз бетінше қайта қарауды ұсынамыз.