Жарияланған күні: 12.05.2021 17:54
Өзгертілген күні: 12.05.2021 17:54

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 30 наурыздағы № 37 «Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номеклатурасына сәйкес мобильді роботтандырылған кешенді жіктеу туралы» шешімі 2021 жылғы  02 мамырда күшіне енді.

Ғимараттарды, құрылыс конструкцияларын бөлшектеу және әр түрлі жұмыстарды орындауға арналған корпус, қозғалтқыш, бұрылмалы табақ, манипулятор және ағытпалар сияқты негізгі бөліктерден тұратын өздігінен жүретін машина болып табылатын қашықтықтан басқарылатын жылжымалы робототехникалық кешен, ауыстырылатын жабдықты қолданатын басқа құрылымдар, сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі ережесіне және Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 84-тобына 7-ескерпеге сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес ол 8479 тауар позициясында жіктеледі.

 

                                                                                                    Тарифтік реттеу басқармасы