Жарияланған күні: 03.02.2021 20:14
Өзгертілген күні: 03.02.2021 20:14

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті «Өсімдіктер карантині туралы»  ҚР Заңының 7-бабы 1-тармағының 19-1) тармақшасын, өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияның 7-бабының 1-тармағын, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 56-бабының 4-тармағын, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 12 қосымшаның 25-тармағын басшылыққа ала отырып,    2021 жылғы 16 қаңтардан бастап Әзірбайжан Республикасының аумағынан карантинге жатқызылған өнім - қызанақ жемістерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 0702 00 000) Қазақстан Республикасына әкелуге тыйым салу түрінде уақытша карантиндік фитосанитариялық шараларды енгізу туралы шешім қабылданды.

                                                                      Кедендік әкімшілендіру басқармасы