Жарияланған күні: 05.04.2019 09:41
Өзгертілген күні: 05.04.2019 09:43

 

      03 сәуір 2019 жылы  Арқалық қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Қостанай  облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің  түсіндіру жұмыстары басқармасының қызметкерлерімен салық төлеушілердің сауатын көтеру, салық міндеттерін орындау, және салық заңнамаларының бұзылуы мүмкіншілігін ескерту мақсатында семинар өткізілді.

       Семинарға қатысқандар: «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері, «Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  басшысы, барлық меншіктегі кәсіпорындардың бас бухгалтерлері, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары және Аманкелді,  Жангелдин ауданының  салық төлеушілері, БАҚ өкілдері- «Арқа дидары» қалалық телевидениясы , қалалық газеті  «Арқалық хабары»  және «Қостанай таңы» газеті. Барлығы -105 адам қатысты.

       Семинарды Арқалық қаласы бойынша мемлекеттік  кірістер басқармасының басшысы-Карбозов Ержан Аманжолұлы ашты, ол бүгінгі семинар салық төлеушілердің сауатын көтеру, салық міндеттерін орындау, және салық заңнамаларының бұзылуы мүмкіншілігін ескерту мақсатында өтетінін хабарлады.

     Семинарда сөз сөйлеген   Қостанай  облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің  түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы Капбасова Гулсум Мубараккызы қатысушылардың назарын салық өзгерістеріне қоғамның  хабардар болуын көтеру, салық салу сұрақтары бойынша қолданыстағы сайттармен  әлеуметтік желі парақшаларын нұсқады.

      Қостанай  облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің  түсіндіру жұмыстары басқармасының бас маманы  Ерменов Б.У.салық заңнамаларының өзгерістерімен: жеке табыс салығын, әлеуметтік салықты есептеу,әлеументтік аударымдар бойынша,бірынғай жиынтық төлемді енгізу,онлайын-БКМ және ПОСТ-терминалдарды қолдану,арнаулы салық режимімен  және жергілікті салықтың өзгерістері,электронды құрылғылар арқылы,сондай-ақ  eGov.kz портал арқылы салықтарды төлеу артықшылығы, жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеу,азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар және басқалар бойынша табыстар алған кезде өзгерістерімен толық түсіндіріп өтті.

      Қостанай  облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің  түсіндіру жұмыстары басқармасының бас маманы  Иралимова Р.Ш. келесі тақырыпта шығып сөйледі: Салық заңнамасында корпоративтік табыс салығы, қосымша құн салығы өзгерістер бойынша, резидент еместерге салық салу.

    Семинардың қортындысында  берілген сұрақтарға мейлінше толық жауап берілді.

 

 

Арқалық каласы бойынша МКБ