Пресс-релиз
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2017 жылғы 19 қыркүйекте сағат 09.00-да «ҚР Кәсіби бухгалтерлер палатасы» бейкоммерциялық ұжымы Қостанай қаласында «2018 жылға арналған Салық кодексінің негізгі ережелеріне шолу» тақырыбына семинар өткізетінін хабарлайды.
Семинардың бағдарламасы:
Бухгалтерлерге арналған сертификат бағдарламалардың жіктелуі және оларды колдану мүмкіндіктері;
200.00, 910.00, 300.00 нысан бойынша тоқсандық есепті құрастыру тәртібіндегі өзгерістер;
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың принциптері;
2018 жылға арналған Салық кодексінің негізгі ережелеріне шолу.
Өткізу орны: Қостанай қаласы, Мауленов көшесі 21, 4 қабат акт залы