Жарияланған күні: 17.04.2018 17:29
Өзгертілген күні: 26.04.2018 17:11

Ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасындағы кеден реттеу туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) еңгізілгеніне байланысты жеке пайдалануға арналған тауарлар мен көлік құралдарын өткізу бөлігіндегі кеден заңнамасының негізгі өзгерістерін жолдаймыз.

Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын уақытша әкелу

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерде тіркелген шетелдік жеке тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған екінші және келесі кезекті көлік құралдарын уақытша әкелуіне осындай тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілмеген, бұрын уақытша әкелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары болған кезде осы Кодекстің 354-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуы қамтамасыз етілген жағдайда жол беріледі.

Уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алып қойылған не оларға тыйым салынған жағдайда мұндай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты уақытша әкелу мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады.

Кеден органының рұқсатынсыз және кедендік декларациялаусыз декларанттың жеке пайдалануға арналған мынадай көлік құралдарын:

1) уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын – техникалық қызмет көрсету, жөндеу (күрделі жөндеуді, жаңғыртуды қоспағанда) жүргізу және (немесе) сақтау үшін өзге тұлғаның иелік етуіне;

2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің жеке тұлғасы уақытша әкелген жеке пайдалануға арналған көлік құралын – оның ата-анасына, балаларына, тіркелген некеде тұрған жұбайына (зайыбына);

3) шетелдік жеке тұлға уақытша әкелген жеке пайдалануға арналған көлік құралын – өзге шетелдік жеке тұлғаларға;

4) уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған су немесе әуе кемесін – кеменің техникалық құрылғысында көрсетілген тұлғалардың қатысуынсыз оны пайдалану болжанбайтын жағдайда осы көлік құралдарын пайдалану мақсатында басқару үшін су кемесінің капитанына, әуе кемесінің командиріне, экипаж мүшелеріне;

5) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде орналасқан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің дипломатиялық өкілдігіне және (немесе) консулдық мекемесіне, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің халықаралық ұйым жанындағы өкілдігіне тіркелген, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің осындай дипломатиялық өкілдігінде және (немесе) консулдық мекемесінде, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің халықаралық ұйым жанындағы өкілдігінде жұмыс істейтін жеке тұлға уақытша әкелген жеке пайдалануға арналған көлік құралын – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде орналасқанЕуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің осындай дипломатиялық өкілдігіне және (немесе) консулдық мекемесіне, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің халықаралық ұйым жанындағы өкілдігінің өзге қызметкеріне беруіне рұқсат етіледі.

Кеден органының рұқсатымен және кедендік декларациялаусыз декларанттың мынадай көлік құралдарын:

шетелдік жеке тұлға уақытша әкелген жеке пайдалануға арналған көлік құралын – Кодекстің 354-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуы қамтамасыз етілген жағдайда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің жеке тұлғасына.