Жарияланған күні: 25.10.2019 15:41
Өзгертілген күні: 25.10.2019 17:10

       

      Еске саламыз! "Чек талап ет — жүлдені ұтып ал!" акциясы 21 тамыз бен 30 қараша аралығында өтеді. Оның қатысушысы болу үшін, "Wipon" тегін мобильді қосымшасын жүктеп, қажетті мәліметтерді толтырып, содан кейін өз сатып алуларының фискалдық чектерін қосымшаға енгізе бастаңыз. App Store және Play Market бар.

     Чекті жібергеннен кейін қатысушы 5 000 теңгеге дейінгі сомаға телефон теңгерімі түрінде лезде жүлде ұтып алады. Барлық жіберілген чектер акцияның басты жүлдесі – автомобильдің ұтыс ойынына қатысады.

     Ұтыс ойынына сатушының БСН/ЖСН, чектің берілген күні мен уақыты, сомасы мен фискалдық белгісі, РНМ  бар фискалдық чектер ғана қатысады. Бұл ретте әрбір жіберілген чек бір ұтыс билетіне теңестіріледі. Ұтыс ойынындағы жеңімпаздар чекті кездейсоқ таңдау әдісі бойынша анықталады. Демек, чектер көп жіберілген сайын, қатысушылар жүлделер мен автомобильді ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.

    Сондай-ақ, БКМ фискалдық чегі берілмеген жағдайда азаматтар осы бұзушылықтарға тіркелген бейнематериалдармен шағым жібере алады.

     Қостанай  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті