Жарияланған күні: 08.11.2019 09:36
Өзгертілген күні: 08.11.2019 09:47
     Костанай каласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 2020 жылдан бастап патент негізіндегі арнайы салық режимін келесі іс-әрекет түрлерін жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер қолдануға құқылы екенін хабарлайды:
 
  1. сылақ жұмыстарын;
  2. ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі жұмыстарын;
  3. еден жабу және қабырға қаптау жөніндегі жұмыстарды;
  4. бояу және шынылау жұмыстарын;
  5. такси қызметін;
  6. автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды;
  7. сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды;
  8. фотография саласындағы қызметті;
  9. аударма (ауызша және жазбаша) ісін;
  10. мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
  11. көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
  12. ойын-сауық және спорттық керек-жарақтарды прокатқа және мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
  13. бейнежазбалар мен дискілерді прокатқа беруді;
  14. басқа да жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды прокатқа беруді және мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
  15. ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
  16. есептеуіш техниканы қоса алғанда, кеңсе машиналары мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
  17. спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыру мамандарына білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;
  18. мәдениет саласындағы білім берудің көрсетілетін қызметтерін;
  19. басқа да білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;
  20. қосалқы білім беру қызметтерін;
  21. өнер саласындағы қызметті;
  22. компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеуді;
  23. коммуникациялық жабдықты жөндеуді;
  24. жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеуді;
  25. шаштараз қызметтерін;
  26. маникюрді және педикюрді;
  27. ветеринариялық көрсетілетін қызметтерді;
  28. жер учаскелерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді;
  29. тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді;
  30. базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар көрсететін қызметтерді;
  31. музыкалық аспаптарды жасауды және жөндеуді;
  32. үй жануарларын бағуды
 
   Бұл  дегеніміз, жоғарыда көрсетілген Тізбеде жоқ іс-әрекетпен айналысатын жеке кәсіпкерлер келесі салық салу режимдерінің бірін таңдауы қажет:
 
оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі;
тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі;
жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті.
 
  Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін немесе оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдану үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданатын салық салу режімі туралы хабарламаны тапсыру қажет.
   Егер 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданатын салық салу режімі туралы хабарламаны тапсырмаған жағдайда, жеке кәсіпкер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салу тәртібіне ауысуға жатады.
   Сонымен бірге , бюджетпен патент арқылы есеп айырысуды жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бақылау-касса машиналарын қолданудан босатылу күшін жояды.  Яғни, патент негізіндегі арнайы салық режимін қолданатын барлық кәсіпкерлер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бақылау касса машиналарын қолдануға міндетті.
 
 
Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы