Жарияланған күні: 24.12.2019 09:50
Өзгертілген күні: 24.12.2019 09:51

   Халықты ақпараттандыру мақсатында Лисаковск қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ф.Р.Сариев «Акцент» арнасының «Зона права» бағдарламасында  сөйледі. Келесі сипаттағы сұрақтар қойылды: 01.01.2020 ж. бастап патент негізінде арнайы салық режимін қолдануға құқығы қандай тұлғаларда бар, БКМ онлайн мен ескі типтегі БKM арасындағы айырмашылық неде? KKM желісін орнатпағаны үшін қандай әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге мораторий енгізгені  және т.б.? Өз сөзінде ол қойылған сұрақтарға жауап берді. Ол жеке кәсіпкерлердің патент негізінде арнайы салық режимін қолдануға құқығы бар 32 қызмет түрлерінің тізімі бекітілгенін айтты.

   Сонымен бірге, қызмет түрі тізімге енбейтін жеке кәсіпкерлер басқа салық режиміне ауысуы керек (жеңілдетілген декларация, белгіленген шегерім, жалпы режим). Басқа режимдерге көшу үшін жеке кәсіпкерлер салық салу режимін қолдану туралы хабарламаны 01.01.2010 жылға дейін тапсыруы керек. Әйтпесе, жеке кәсіпкерлер жалпы есеп режиміне аударылады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен КТС, ЖТС, БЖС салықтары және жеңілдетілген декларацияда жүргендерге әлеуметтік салық шағын және орта бизнес субъектілері үш жылдық мерзімге салық салығын төлеуден босатылды. 3 жыл ішінде микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мараторий енгізілді. Ол сонымен бірге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты өзгерістерді түсіндірді.          

                                                                                                                           

                                                                                                     Лисаковск қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы