Жарияланған күні: 05.12.2019 15:51
Өзгертілген күні: 05.12.2019 15:55

Ұлттық куәландырушы орталығының  электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдануға және пайдалануға байланысты және бизнес-үдерісті тиімдеу мақсатында «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебін» мемлекеттік қызметі қысқартылады.           

Осыған орай, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік кірістер органдарымен электрондық цифрлық қолтаңба берілмейді.

Салық төлеушілерге 2020 жылдың 1 қаңтарына дейінгі жарамдылық мерзімі бар электрондық цифрлық қолтаңбаны Ұлттық куәландырушы орталығына жүгіну арқылы ауыстыруға болатынын мәлімдейді.