Жарияланған күні: 26.01.2024 17:49
Өзгертілген күні: 26.01.2024 17:50

25 қаңтарда Рудный қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А. Н. Кожухов 2023 жылғы қызметінің қорытындысы және 2024 жылға арналған міндеттері бойынша БАҚ (теледидар, радио, газет, блогерлер) үшін брифинг өткізді.

Сөз сөйлеу барысында МКБ басшысы бюджеттің атқарылу нәтижелерін, анықталған қосымша резервтерді, салық төлеушілер жол берген бұзушылықтарды, жеке тұлғалардың банкроттығын, бұқаралық - түсіндіру жұмыстарын, мемлекеттік қызметтер көрсетуді және т. б. жеткізді.

Брифинг соңында МКБ басшысы газетте, радиода, теледидарда бұқаралық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге жәрдемдескені және әлеуметтік желілерде жариялағаны үшін БАҚ-қа алғыс хаттар табыс етті.