Жарияланған күні: 05.04.2024 11:08
Өзгертілген күні: 05.04.2024 11:11

5 сәуірде жеке практика тұлғаларының ЖТС төлеу мерзімі аяқталады
2024 жылғы наурызда алынған жеке практикамен айналысатын адамдардың табыстары бойынша ЖТС 2024 жылғы 5 сәуірден кешіктірілмей төленуі тиіс.
Жеке практикамен айналысатын адамның табысына мыналар жатады:
1) жеке нотариустың табысы;
2) Жеке сот орындаушысының табысы;
3) адвокаттың табысы;
4) кәсіби медиатордың табысы.
Жеке практикамен айналысатын адамдардың табысы заң көмегін көрсеткені, нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін ақы төлеуді, сондай-ақ қорғауға және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің алынған сомаларын қоса алғанда, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті, нотариаттық, адвокаттық қызметті, кәсіби медиатор қызметін жүзеге асырудан алынған табыстардың барлық түрлері болып табылады.