Жарияланған күні: 09.04.2019 13:44
Өзгертілген күні: 09.04.2019 13:48

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жыл сайынғы "чек талап ет - жүлдені ұтып ал!" жалпыреспубликалық акциясының басталғанын хабарлайды.". Акция "таңдау" мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Бұл акция 2019 жылғы 1 мамырден 31 қазанға дейін өтеді.

Оған елдің барлық тұрғындары, соның ішінде фискалдық чектің суретін қарапайым ұсыну арқылы тауар, жұмыс немесе қызмет көрсетуді сатып алуды растаған қостанайлықтар да қатыса алады.

Акция Мемлекеттік кірістер органдарымен жүргізіледі.

Акцияның негізгі мақсаты тұрғындар арасында салық сауаттылығын дамыту, сондай-ақ Қазақстан салық төлеушілері арасында салық мәдениетін арттыру болып табылады.

"Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал!" акциясына қатысуға шақырамыз!". Акцияның белсенді қатысушылары бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы