Жарияланған күні: 05.04.2024 14:59
Өзгертілген күні: 05.04.2024 15:00

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті алаяқтық фактілерінің жиілеп кеткендігі туралы ескертеді. Азаматтардың ұялы телефондарына өзін Мемлекеттік кірістер органының өкілімін деп қоңырау шалып, берешектері бары туралы хабарлап, оларды шұғыл түрде өтеу қажет екенін ескертетін алаяқтық жағдайлар пайда болуда. Алаяқтар өздерін Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері Айтқалықова Айсұлу және жеке сот орындаушысы Ахметова Динармын деп таныстырады. Құрметті салық төлеушілер! Сақ болыңыз! Жеке деректеріңізді ешкімге бермеңіз. Тіркеу орны бойынша Мемлекеттік кірістер органдарындағы ақпаратты тексеріңіздер. ☎Қостанай облысы бойынша МКД сенім телефоны 53-65-80.