Жарияланған күні: 12.11.2019 15:30
Өзгертілген күні: 12.11.2019 17:58

Қазақстан  Республикасы  Қаржы министрінің  2015  жылғы 27 сәуірдегі  № 284  бұйрығымен бекітілген  «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда,  алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 1117 бұйрығымен енгізілген өзгерістерді ескере отырып) сәйкес жүргізіледі.

Лицензия алу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1) лицензия алу үшін:

     • Өтініш (1 және 2 қосымшаларға сәйкес);

  • лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • жалдау немесе өтеусіз пайдалану шартының көшірмесі - осы шарттар бір жылдан кем мерзімге жасалған жағдайда;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына 3-қосымшаға сәйкес алкоголь өнімін сақтау мен сатуды жүзеге асырудағы біліктілік талаптарына қойылатын ақпарат нысаны;

 

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:

  • өтініш;
  • лицензиат лицензияны объектімен бірге үшінші тұлғалардың пайдасына иеліктен айырған кезде лицензияны қайта ресімдеген жағдайда лицензиаттың лицензияны иеліктен шығаруға келісімі туралы хаты ұсынылады;
  • лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
  • мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері;

 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

 

1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

        лицензия беру немесе Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10 – тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      лицензияны қайта ресімдеу – 3  (үш) жұмыс күні ішінде;

      лицензияның түпнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

 

Лицензиялық жинақ.

«Салық  және  бюджетке  төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық  кодексі)  2017  жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері алым төленген күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшері негізге алына отырып белгіленеді және қызметті жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін әрбір қызмет объектісі үшін:

  • лицензия беру кезінде:

        Астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда-100 АЕК;

          аудандық маңызы бар қалалар мен кенттерде - 70 АЕК;

          ауылдық елді мекендерде - 30 АЕК;

  • лицензияны қайта ресімдеу кезінде-лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 % - ы;
  • лицензияның түпнұсқасын беру кезінде-лицензия беру кезіндегі ставканың 100%.

Лицензиялық алым үшін бюджеттік сыныптама коды - БСК 105402

 

 

Жанама салықтарды  әкімшілендіру басқармасы

 

 

 

 

1 қосымша

 

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші

      ____________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,

      мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға

      филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      _____________________________________________________________________

      (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық

      атауы көрсетiлсiн)

      _____________________________________________________________________

      ______________________________ жүзеге асыруға лицензияны және

      (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта ______ (лицензияны

      қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)

      беруiңiздi сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы,

      ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар)

      нөмірі)

      Электрондық пошта ___________________________________________________

      Телефондары _________________________________________________________

      Факс ________________________________________________________________

      Банк шоты ___________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің

      мекенжайы ___________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше

      атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы

      және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе

      беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге

      болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші

      түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және

      жарамды болып табылатындығы расталады;

      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру

      кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға

      келісімін береді;

      өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті

      электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет

      көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).

      Басшы ______________ ________________________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________

 

 

                                                                                                                                                                                                                               

 2 қосымша

 

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
алуға арналған жеке тұлғаның өтiнiші

      _____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)

      _____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке
сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтiң кіші түрінің(-лері)

      толық атауы көрсетiлсiн)

      жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз

      тасығышта ______ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған

      жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi сұраймын.

      Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы

      _____________________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше

      атауы, үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық пошта ___________________________________________________

      Телефондары _________________________________________________________

      Факс ________________________________________________________________

      Банк шоты ___________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің

      мекенжайы ___________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,

      көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы

      және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе

      беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге

      болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші

      түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және

      жарамды болып табылатындығы расталады;

      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру

      кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға

      келісімін береді;

      өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті

      электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет

      көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).

      Жеке тұлға __________ __________________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны Толтыру күні: 20___ жылғы "__" ___________

                                                                                                                                    

                                                                                                                                 

 

 

3 қосымша

 

 

Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына мәліметтер нысаны 

 

Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу саласындағы қызмет түрі үшін:

4.1 стационарлық үй-жайда сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және кәріз:

      көрсету:

1) стационарлық үй-жайларды сумен жабдықтаумен, электрмен жабдықтаумен және кәрізбен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету туралы шарттың (шарттардың) атауы ________________________________

2) Шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні  ______________________________:

3) стационарлық үй-жайдың кадастрлық нөмірі  _____________________________:

4.2 деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасы туралы мәліметтер:

бақылау-касса машинасының тіркелгенін растайтын құжаттың нөмірі мен күнін көрсету _________________________________