Жарияланған күні: 13.10.2023 15:58
Өзгертілген күні: 13.10.2023 16:00

12.10.2023 жылы Бейімбет Майлин ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы алаңында салық төлеушілерді салықтық және кедендік сұрақтар бойынша уақытылы және сапалы ақпараттандыру мақсатында, Ашық есік күнңн өткізді.

Кездесу барысында жалпылай декларациялау, бөлшек салығы режимі, сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары, азаматтардың банкроттығы т.б. туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жеке кәсіпкерлер назарына ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz порталында, сондай- ақ, «e-Salyq Azamat» қосымшасы (App Store или Play market арқылы жүктеуге болады) және телеграмм бот- SalyqBot арқылы өз бетінше салықтық борыштардың болуы немесе болмауы, одан басқа да көптеген мәліметтер алуға болатыны жеткізілді.

Сонымен қатар, жаңадан құрылған кәсіпкерлерге «e-Salyq Business» қосымшасының мүмкіндіктері, электрондық сауда пилоттық жобасы түсіндіріліп, буклеттер таратылды.

Бейімбет Майлин ауданы бойынша МКБ