Жарияланған күні: 14.11.2023 10:37
Өзгертілген күні: 14.11.2023 10:38

«Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 қаулысына сәйкес 2021 жылғы 1 қарашадан бастап аяқ киім тауарлары таңбалануға жатады.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 518 бұйрығымен бекітілген Аяқ киім тауарларын таңбалау және қадағалау қағидаларының (бұдан әрі – қағидалар) 5-тармағының екі абзацына сәйкес импорттаушы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген аяқ киім тауарларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенге дейін немесе аяқ киім тауарларын ішкі тұтыну немесе кері импорт үшін шығарудың кедендік рәсімдерімен орналастырғанға дейін таңбалауды қамтамасыз етеді. 2023 жылғы 1 қарашаға дейін тауарларды импорттаушының меншікті қойма үй-жайларында ішкі тұтыну үшін шығару немесе кері импорт рәсіміне орналастырғаннан кейін оларды таңбалауға рұқсат етіледі.
Сонымен қатар, Қағидалардың 34-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес таңбаланған аяқ киім тауарларын Қазақстан Республикасының аумағында:
аумағында аяқ киім тауарларын міндетті таңбалау енгізілмеген ЕАЭО - ға мүше мемлекеттердің аумағынан аяқ киім тауарларын әкелу кезінде, сондай - ақ аумағында аяқ киім тауарларын міндетті таңбалау енгізілген ЕАЭО - ға мүше мемлекеттердің аумағынан таңбалау кодтарын өзара тануға дайын болғанға дейін - тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ТТҚ АЖ) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына аяқ киім тауарларын әкелу туралы мәліметтерді енгізу кезінде импорттаушы мәлімдеген сәйкестендіру кодтарын растау туралы мәліметтерді жіберу нәтижелері бойынша әкелінген аяқ киім тауарын;
аумағында аяқ киім тауарларын міндетті таңбалау енгізілген ЕАЭО - ға мүше мемлекеттердің аумағынан аяқ киім тауарларын әкелу кезінде (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер таңбалау кодтарын өзара тануға дайын болғаннан кейін) - қабылданған тауарға түсірілген сәйкестендіру құралдарындағы сәйкестендіру кодтарын қабылдау туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға жіберу нәтижелері бойынша әкелінген аяқ киім тауарларын есепке алу және олар туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің тауарларын таңбалау ақпараттық жүйесінің Ұлттық құрамдауышы операторы;
аяқ киім тауарларын ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан әкелу кезінде – кеден органдарының аяқ киім тауарларын ішкі тұтыну үшін ТТҚ АЖ-ға ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасына аяқ киім тауарларын әкелу туралы мәліметтерді енгізу нәтижелері бойынша шығаруы айналымға енгізу болып табылады.
Бұдан басқа, Қағидалардың 36-тармағына сәйкес ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумақтарынан ҚР-ның аумағына аяқ киім тауарларын міндетті таңбалау енгізілген (ЕАЭО - ға мүше мемлекеттердің таңбалау кодтарын өзара тану болған кезде) аяқ киім тауарларын әкелуді жүзеге асыратын аяқ киім тауарлары айналымына қатысушылар алынған тауарларды трансшекаралық жөнелту туралы мәліметтер негізінде қалыптастырылған, тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде әкелінген тауарларды қабылдау туралы ақпаратты ТТҚ АЖ-ға жолдайды.
Қағидалардың 49-тармағына сәйкес таңбаланған аяқ киім тауарларын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын аяқ киім тауарлары айналымына қатысушы аяқ киім тауарына немесе аяқ киім тауарының тұтыну қаптамасына немесе аяқ киім тауарының тауар таңбасына басылған сәйкестендіру құралдарын сканерлеу және тану арқылы ТТҚ АЖ-да оларды қабылдау туралы мәліметтер расталған жағдайда ғана, өзінде орнатылған «Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына сәйкес тіркелген бақылау-касса машинасымен ұштасатын техникалық құрылғылармен оларды айналымнан шығаруды жүргізеді.

Кедендік бақылау басқармасы