Жарияланған күні: 18.11.2019 09:53
Өзгертілген күні: 18.11.2019 09:56

        Рудный қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А. Н. Қожуқов осы жылдың 13 қарашасында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңгізілетін жаңалықтарды жеткізу мақсатымен жергілікті журналистермен және блогерлермен брифинг өткізді.

      Осылайша, ҚР Салық кодексіне сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің аумағында барлық ақшалай есеп айырысулар онлайн БКМ арқылы жүргізілуі тиіс.

       Сонымен қатар, басшы патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын кәсіпкерлерге қатысты, жаңа жылдан бастап қызметтің тек 32 түрі ғана патент бойынша жұмыс істей алатынын атап өтті.

     Сонымен бірге, А. Н. Қожуқов Мемлекеттік кірістер комитетінің «Азаматтық бақылау» пилоттық жобасы туралы айтып берді.

 

                                                                              Рудный қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы