Жарияланған күні: 19.12.2023 17:39
Өзгертілген күні: 20.12.2023 15:55

15.02.2023 жылдан бастап "Обаған" автомобиль өткізу пунктінде (Қостанай облысы)cargoruqsat электрондық кезек жүйесін енгізу жоспарлануда №

Қазақстан аумағынан автомобиль өткізу пункттері арқылы шығуды жоспарлайтын тасымалдаушылар «CarGoRuqsat» қосымшасы арқылы электрондық кезектен орын брондауы қажет.

Ол үшін https://cgr.qoldau.kz/ru/start сілтеме бойынша өтіп, «CarGoRuqsat» қосымшасына тіркеліп және кіріп, өткізу пунктін таңдап, шекарадан өту күні мен уақытын көрсетіп, жүргізуші мен автокөлік туралы мәліметтерді толтыру керек.

Өтінім мақұлданғаннан кейін шекарадан өту үшін өткізу пунктіне уақтылы келу қажет.

Электрондық кезек жүйесін мемлекет жүз қатысатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «CarGoRuqsat» «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ онлайн брондау сервисінің отандық әзірлеушілері мен мамандары құрды және қызмет көрсетеді.

Сервис Qoldau.kz цифрлық платформа негізінде іске асырылды және тегін болып табылады. «CarGoRuqsat» электрондық кезек жүйесінің міндеті тасымалдаушыларға кезекті алдын ала брондау және ақпараттық жүйелерде қажетті құжаттарды тексеруді автоматтандыру мүмкіндігін беру болып табылады.

ҚР ҚМ МКК Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті