Жарияланған күні: 07.11.2019 15:05
Өзгертілген күні: 07.11.2019 18:27

   Тауарларды сатып алған кезде чектерді талап етуге халықты ынталандыру мақсатында Комитет жыл сайын «Чек талап ет - жүлде ұтып ал!» атты жалпы республикалық акциясын өткізеді, оның мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, тұтынушылар құқықтарын қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың деңгейін қысқарту және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікке ынталандыру болып табылады.

   2019 жылы қатысушы чекті жөнелткен кезде әрбір жөнелтілген чек үшін 5000 теңгеге дейін ақшалай сыйлық ұтып алу мүмкіндігі бар акциясы іске қосылды. Акция 2019 жылғы 21 тамыздан басталып 30 қарашаға дейін созылады, акцияның қорытындысы бойынша бас жүлде – автокөлік ойнатылады.

   БКМ чектерін бермеу жолымен тиесілі салықты төлемейтін кірістерін жасыратын азаматтарға қатысты нөлдік төзімділікке азаматтық қоғамды тарту мақсатында және ҚР ҚМ МКК төрағасының 2019 жылғы 24 маусымдағы №289 бұйрығының негізінде бақылау-касса машиналарының фискалды чектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша «Азаматтық бақылау» пилоттық жобасы жүргізіледі. Пилотты жүргізу кезеңі 2019 жылғы 12 тамыздан 2019 жылғы 30 қарашаға дейін.

   2019 жылғы 30 қыркүйектен бастап аталған пилоттық жоба республиканың барлық аумағына таралады, яғни чекті (мобильді телефонның теңгерімін толықтыру) бермеу фактісі туралы хабарлаған түлғаға сыйақы төлеу барлық Қазақстан бойынша жүзеге асырылады.

   Құрметті қала тұрғындары!!! Тауарларды сатып алу немесе қызметтерді алу кезінде бақылау-касса машиналарының чектерін бермеу түрінде бұзушылықтарға нөлдік төзбеушілік көрсету қажет. Өткізіліп жатқан  акцияға, жобаға белсенді қатысыңыздар!

                                                                                                                            

                                                                                                                                                Қостанай облысы бойынша МКД