Жарияланған күні: 15.11.2019 16:39
Өзгертілген күні: 15.11.2019 17:25

   Еске саламыз!!! 2019 жылдың 21 тамызы мен 30 қарашасы аралығында "Түбіртекті талап ет те, жүлдені ұтып ал!" науқаны өткізіледі. «Wipon» қосымшасын Apple App store және Google Play market-тен жүктеңіз.
Науқанға онлайн-БКМ түбіртегін ұсыну арқылы тауарды немесе қызметті сатып алуды растаған ҚР азаматтары қатыса алады.   Түбіртекті талап ет, қаражатты күніне 5 000 теңгеге дейін теңгерімге ал және бас жүлде - автокөлікті ұтып алуға мүмкіндік ал!
Тіркелген түбіртектер неғұрлым көп болса, соғұрлым АВТОКӨЛІКТІ ұту мүмкіндігі мол.

Түбіртекті бермеген жағдайда, азаматтар сондай-ақ бұзушылықтар туралы шағымды бейнетіркеу арқылы жібере алады.
БКМ чектерін бермеу жолымен тиесілі салықты төлемейтін кірістерін жасыратын азаматтарға қатысты нөлдік төзімділікке азаматтық қоғамды тарту мақсатында және ҚР ҚМ МКК төрағасының 2019 жылғы 24 маусымдағы №289 бұйрығының негізінде бақылау-касса машиналарының фискалды чектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша «Азаматтық бақылау» пилоттық жобасы жүргізіледі. Пилотты жүргізу кезеңі 2019 жылғы 12 тамыздан 2019 жылғы 30 қарашаға дейін.
 

2019 жылғы 30 қыркүйектен бастап аталған пилоттық жоба республиканың барлық аумағына таралады, яғни чекті (мобильді телефонның теңгерімін толықтыру) бермеу фактісі туралы хабарлаған түлғаға сыйақы төлеу барлық Қазақстан бойынша жүзеге асырылады.

Құрметті қала тұрғындары!!! Тауарларды сатып алу немесе қызметтерді алу кезінде бақылау-касса машиналарының чектерін бермеу түрінде бұзушылықтарға нөлдік төзбеушілік көрсету қажет. Өткізіліп жатқан акцияға, жобаға белсенді қатысыңыздар!

 

                                                                                                                                     Түсіндіру жұмыс басқармасы