Жарияланған күні: 11.11.2019 17:02
Өзгертілген күні: 11.11.2019 17:43

   2019 жылдың 8 қарашасында Челябинск мемлекеттік университетінің Қостанай филиалы студенттерімен  МКД  мамандарының кездесуі өтті.

   Адам ресурстары басқармасы персоналмен жұмыс бөлімінің бас маманы С. М. Нарумбаева Мемлекеттік қызметке конкурс өткізу және мемлекеттік органдарға жұмысқа тұру тәртібін, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер органдарында практикадан қалай өтуге болатынын толығырақ айтып берді.

Түсіндіру жұмыс басқармасының бас маманы Б. У. Ерменов  Мемлекеттік кірістер органдарының қызметі (функциялары) туралы, «Чек талап ет-жүлде ұтып ал» науқан және  «Азаматтық бақылау» жоба  туралы айтып берді.

Кездесу 80-нен астам адам жиналған студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды, семинар барысында және соңында көптеген сұрақтар қойылды.

Бірінші  кезекте  жергілікті салықтарды есептеу және төлеу мәселелері, салық берешегі туралы деректерді қалай білуге болады, банкоматтар және өзге де электрондық құрылғылар арқылы салықтарды төлеу тәртібі қандай мәселелер қызықтырды.

 

                                                                                       Түсіндіру жұмыс басқармасы