Жарияланған күні: 24.11.2023 15:03
Өзгертілген күні: 24.11.2023 15:03

22.11.2023 жылы Денисов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп, Денисов ауданы әкімінің төрағалығымен ауылдық округ әкімдері мен бизнес субъектілерінің қатысуымен семинар өткізді.

Басқарма семинар барысында 01.01.2024 жылдан басталатын жалпыға бірдей декларациялау мәселелерін (3 кезең) және бөлшек салықты қолданудың шарттарын айтты. Өзекті тақырыптардың бірі 2024 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезеңі басталады, оның шеңберінде "жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы Декларацияны" (250.00-нысан) 2024 жылғы 1 қаңтарға: заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары, сондай-ақ дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары болып табылатын тұлғалар ұсынуға тиіс ерлі- зайыптылар. Бөлшек салықты қолданудың шарттары: сатудан түскен табыстың шекті сомасы-600 000 АЕК және төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеудің ерекше тәртібі.

Барлық сұрақтарға салық төлеушілер толық жауап алды. Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар жеке кәсіпкерлер үшін салық заңнамасының нормаларын түсіндіру үшін Мемлекеттік кірістер органдарының жұмыс кездесулерінің маңыздылығын атап өтті.