Жарияланған күні: 07.11.2023 17:29
Өзгертілген күні: 07.11.2023 17:34

06 қарашада Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер депаратменті басшысының орынбасары - қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын әдеп жөніндегі уәкіл Жүрсінәлин Арман Молдағазыұлы мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық басқармаларының басшыларымен өткен аппараттық кеңесте кәсіби әдеп нормаларының сақталуына қатысты енгізілген өзгерістер туралы айтты.

Мәселен, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығының 6-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"5) қызметтік қажеттілік бойынша баруды қоспағанда, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген іскерлік этикет пен ресми мінез-құлық ережелерін сақтау, азаматтардың алдында өздері өкілдері болып табылатын мемлекеттік органдардың қадір-қасиеті мен беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеу, оның ішінде ұйғарымға жататын ойын мекемесіне барудан өзін аулақ ұстау.

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің әдеп мәселелері бойынша Қостанай қаласы, Майлин көшесі, 2а мекенжайы бойынша хабарласуға болады.