Жарияланған күні: 09.04.2024 18:12
Өзгертілген күні: 09.04.2024 18:13

Ағымдағы жылдың 4 сәуірінде Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл Жүрсиналин Арман Молдагазыевич департаменттің және аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының жеке құрамымен техникалық оқу өткізді. Арман Молдагазыевич сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы анонимді сауалнаманы талдау қорытындысын жариялады. Спикер сауалнамадан өту барысында қандай мәселелерге назар аудару керектігін айтты. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі аспектілерін және мемлекеттік қызметшінің этикасын сақтау қажеттігін ескертті. Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерін әдеп жөнінде мәселелері бойынша Қостанай қ., Майлин к-сі, 2а мекенжайы бойынша хабарласуға болады.