Жарияланған күні: 28.12.2023 09:39
Өзгертілген күні: 28.12.2023 09:40

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бастамасы бойынша департаменттің және облыстың аумақтық басқармаларының басшы құрамының қатысуымен психолог, «Сенім» психологиялық зерттеу орталығының жетекшісі Л.В. Должиковамен коучинг өткізілді.

Іс-шара мынадай бағыт: әріптестермен және бағыныштылармен іскерлік қарым- қатынас деңгейін арттыру, басқару құзыреттерін дамыту және жетілдіру, уәждеме деңгейін арттыру бойынша өткізілді.

Кездесу қорытындысы бойынша іс- шараға қатысушылар пікір алмасты, жеке мысалдармен жанжалды жағдайлар талданды, қызықтырған сұрақтар қойылды, Л.В. Должикова бұндай жағдайлардан оңтайлы шығу жолдары бойынша түсініктемелер берді, сондай-ақ қойылған сауалдарға толық жауаптар алынды.