Жарияланған күні: 10.07.2018 18:15
Өзгертілген күні: 10.07.2018 18:16

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық-тергеу қызметі 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында Қостанай қаласында жүргізілген жедел іс-қимылдардың нәтижелері бойынша жұмыс пен қызметтерді нақты көрсетусіз шот-фактураларды беру бойынша заң бұзушылықтардың 9 фактісін анықтады.

Мәселен, ағымдағы жылдың маусым айында 399 583 800 теңге ақшалай өтем ақы үшін тауарларсыз шот-фактураларды жүзеге асыру фактісі анықталды. Жоғарыда айтылған факт бойынша сотқа дейінгі өндіріс материалдары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, қатысушы адамдар анықтап, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша өткізілген жедел іс шаралардық нәтижелері бойынша салық органдарына және мемлекеттік лицензияға тіркелместен алкоголь өнімдерін заңсыз сақтау және сату фактілері анықталды.

Мәселен, Қостанай облысының аумағында оқиға болған жерді тексеру барысында 5,142,433 теңге сомасына 5 151 бөтелке алкоголь өнімдері табылып, тәркіленді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 142-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі өндіріс материалдары бойынша тергеу аяқталды және сот қарауға жіберілді.

Алкоголь өнімдерін мемлекеттік лицензиясыз заңсыз сақтау және сату фактісі бойынша және салық органдарында тиісті тіркеуден өтпеу фактісі бойынша, оқиға болған жерді тексеру барысында жалпы сомасы 1 400 000 теңгеге 3 мың бөтелке арағы табылып, тәркіленді. Қылмыстық іс өндірісте  және тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.