Жарияланған күні: 18.07.2017 17:25
Өзгертілген күні: 18.07.2017 17:26

Электронды түрде қызмет көрсету

Мемлекеттік кірістер органдарымен 48 қызмет түрлері көрсетіледі. Қызметтер мемлекеттік кірістер органдарымен тікелей, соның ішінде 14 қызмет қосымша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі.

Мемлекеттік кірістер органдарымен көрсетілетін мемлекеттік 48 түрінен 1 қызметі электронды түрде, 25 қызметі қағаз және электронды түрде, 22 қызметі қағаз түрінде көрсетіледі.

Мемлекеттік кірістер органдары санақ деректеріне сәйкес, 2017 жылғы 1 жартыжылдықта мемлекеттік қызметтердін 96% электронды түрде көрсетілген. Оның ішінде ең талап етілгендері:

«Салық есептілігін қабылдау»  - 234 376 мемлекеттік қызметтін жалпы санынан 53%, оның ішінде электронды түрде 225 912 қызмет, 96% құрайды.

«Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер..» - 121 820 мемлекеттік қызметтің жалпы санынан 28%, оның ішінде электронды түрде 121 128 қызмет, 99% құрайды.

Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алудын айрықшалықтары барына назарларыңызды аударамыз, олар:

1. Жұмыс уақытын және есептілік құжаттардын бланклерін алу ақша қаражатын үнемдеу.

2. Қайталаулардын жоқтығы.

3. Қателіктерді болдырмау.

4. Ақпаратты электронды түрде алу форматтарынын жедел жаңартуларынын кепілдігі.

5. Ақпараттық көшірмені алу.

6. Жедел ақпараттандыру.

7. Есептіліктін жеткізуін растау.

8. Жасырындылық.

Мемлекеттік қызметті электронды түрде алу үшін салық төлеушіге орналасқан жері немесе тұрғылықты жері бойынша салық органына қағаз түрінде немесе электронды түрде электронды салық төлеуші ретінде тіркеу салық өтінішін ұсыну керек.

Өз кезегінде, салық органы салық төлеушіден салық өтінішін алған уақыттан үш жұмыс күн ішінде салық төлеушіге электронды цифрлік қолтаңбасын құжаттарды беру журналында қол қою арқылы береді. Бұл қолтаңба мемлекеттік қызметті электронды түрде алуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат (стандарт, регламент, жадынама) Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігі: www.minfin.gov.kz ғаламтор-ресурсы және Мемлекеттік кірістер комитеті: www.kgd.gov.kz ғаламтор-ресурсында орналасқан.

Сонымын бірге, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету сұрақтары бойынша Бірыңғай байланыс-орталығы: 1414. 88000807777 телефондары арқылы алуға болады. 

Қызметтерді алушыларға мемлекеттік қызметтердін сапасы туралы сұрақтары бойынша Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 8(7142)53-65-80 телефонына жүгіне алу мүмкіндігі бар екендігін  мәлімет үшін хабарлаймыз.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы