Жарияланған күні: 18.10.2019 10:47
Өзгертілген күні: 22.10.2019 12:32

       

       Мемлекеттік қызметті көрсеткенде бизнес-үдерісті тиімдеу мақсатында «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебін» жойып, Ұлттық куәландырушы орталығының  электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану және пайдалануға өту жолдары ұсынылды.           

Мемлекеттік қызмет көрсету функциясын жойылуы, бірнеше уәкілетті органдарда қайталануын болдырмайды (Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті).

Сонымен қатар 2020 жылдың 1 –қаңтарынан бастап Салық органымен электрондық цифрлық қолтаңба берілмейді.

Салық төлеушілерге  2020 жылдың 1 –қаңтарына дейінгі жарамдылық мерзімі бар электрондық цифрлық қолтаңбаны  Ұлттық куәландырушы орталығына жүгіну арқылы ауыстыруға болатынын мәлімдейді

 

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы