Жарияланған күні: 20.11.2023 19:03
Өзгертілген күні: 20.11.2023 19:05

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі (Салық кодексі) 68-бабының 1-1 тармағына сәйкес, салықтың әкімшілендіруді жаңғырту және жетілдіру мақсатында салық органдары салықтық әкімшілендірудің және салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерді орындауының өзге тәртібін көздейтін пилоттық жобаларды іске асыруды (ендіруді) жүзеге асыруға құқылы.
Аталған жобаның мақсаты:
салықтық әкімшілендіруде клиентке бағдарланған тәсілді қалыптастыру;
арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлердің қателіктерін болдырмау және салық міндеттемелерін орындауын оңайлату;
салық кезеңі ішінде салық жүктемесін біркелкі бөлу.
Жобаға қатысушылар:
оператор – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) пилоттық жобаға қатысу туралы өтініш берген, сатушыларға электрондық сауда алаңы арқылы тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыру құқығын беру туралы шарт жасасатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
сатушы – электрондық сауда алаңы арқылы тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын, оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін (бұдан әрі – ОД АСР) немесе серіктес банкте есеп айырысу шоты бар және операторға пилоттық жобаға қатысу туралы өтініш берген бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолданатын Қазақстан Республикасының дара кәсіпкері;
серіктес-банк (екінші деңгейдегі банкі).
оператор ҚР ҚМ МКК электронды сауда алаңында сатушылармен өткізілген тауарлардың сомасы мен қайтарылған тауарлардың сомасы туралы мәліметтерді ұсынады.
ҚР ҚМ МКК серіктес – банкіге бюджетке төленуге жататын салық сомалары жолданады, банк әрі қарай пуш – хабарламаны жолдайды.