Жарияланған күні: 25.11.2019 17:58
Өзгертілген күні: 03.12.2019 18:23

2019 жылғы 22 қарашада Қостанай облысы бойынша МКД-де Департаменттің аудит басқармасының бас маманы Жумабек Тусекбаевич Гапбасовты зейнеткерлік демалысқа шығарып салуға арналған салтанатты іс-шара өтті.

Қостанай облысы бойынша МКД басшысы А. Ж. Жақанов құттықтау сөз сөйледі.
Жумабек Тусекбаевич, өз қызметін 1981 жылы Жангелдин ауданы Торғай ауылы, Жангелдин аудандық атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы лауазымынан бастады.

1991 жылдан бастап Қостанай ауданы бойынша салық инспекциясында салық аудит инспекторы болып жұмыс істеді, 2014 жылдан бастап Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің аудит басқармасында жұмыс істейді.

Жұмыстың барлық уақытында өзін жұмыста білікті, жауапты, ұқыпты қызметкер ретінде көрсетті.

Еңбек сіңірген қызметі және жоғары көрсеткіштері үшін Жумабек Тусекбаевич «Қазақстан Республикасының Салық қызметіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, облыс әкімінің, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің атынан Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күні құрметіне «Мемлекетттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Департаменттің кәсіподақ ұйымының төрағасы С. О. Плохотенко құттықтау сөз сөйледі, департаменттің басқарма басшысы К. П. Сальник денсаулық, бақыт, сәттілік, рухани үйлесімдік тілеп, сондай-ақ бұрыннан
ойластырылып, әлі күнге дейін кейінге қалдырылып келе жатқан ойын іске асыруына тілек білдірді!