Жарияланған күні: 17.11.2023 15:53
Өзгертілген күні: 17.11.2023 15:54

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) Электронды шот - фактуралар ақпараттық жүйесі (ЭШФ АЖ) порталының жұмысына қатысты келесіні хабарлайды.
2023 жылдың 17 қарашасында электронды шот - фактураларды шығару және тауарларға арналған ілеспе жүкқұжат ресімдеу кезінде ЭШФ АЖ серверлік жабдығында техникалық мәселелерге байланысты кешіктірулер байқалады.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 412 бабы 2 тармағының 2) тармақшасына сәйкес және тауарларға арналған ілеспе жукқұжаттарды ресімдеу және құжат айналымы (2019 жылдың 26 желтоқсанындағы № 1424 бұйрығы) Ережесінің 64, 65 тармақтарына сәйкес керек болған жағдайда салық төлеушілер қағаз тасығышта ресімдейді:
 2023 жылдың 17 қарашасынан кейін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде ЭШФ АЖ еңгізу арқылы шот фактураны шығару;
 2023 жылдың 17 қарашасынан кейін 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде ЭШФ АЖ еңгізу арқылы тауарларға арналған ілеспе жукқұжаттарды ресімдеу.
Сонымен бірге айыппұл санкциялары қолданылмайды.
ЕЭОЕ елдерімен мемлеккеттік шекарадан өткен кезде автомобиль өткізу пунктерінде мемлекеттік кірістер органдарымен белгіленген уақытта ТІЖ ЭШФ АҚ болуына талап қойылмайды (қағаз тасығышта ТІЖ болғаны жеткілікті).
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.