Жарияланған күні: 21.10.2019 17:23
Өзгертілген күні: 22.10.2019 12:30

     

     Салық кодексінде интернет арқылы тауарлармен электрондық сауда жасайтын салықтөлеушілер үшін корпоративтік табыссалығы мен жекетабыс салығына жаңа жеңілдіктер қарастырылған.

        Ол үшін мынадай шарттарды сақтаған кезде:

тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;

тауарлар үшін ақытөлеу қолма-қолеместөлеммен жүргізілсе;

тауарларды сатыпалушыға (алушыға) жеткізетін өзқызметі болса, не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік немесе пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен келісім-шарттары болған жағдайда;

        Аталған жеңілдіктер тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін кірістер жылдық жиынтық кірістің кемінде 90% құраған жағдайда қолданылады. Осы шарттар сақталмаған кезде салық төлеуші аталған жеңілдіктер діқолдануғақ ұқылыемес.

        Жеңілдік терді пайдалану үшін, тауарлармен электрондық сауда жасайтын тұлға, бірінші кезекте дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркеу есебіне тұруы қажет және жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салықтөлеушір етінде қызметтің басталғанын емесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны мемлекеттік кірістер органдарына жолдауы тиіс.

        Тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалар салық органының сұраусалуы бойынша мәліметтерді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынады.

 

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы