Жарияланған күні: 10.10.2023 11:58
Өзгертілген күні: 10.10.2023 12:00

Камералдық бақылаудың мақсаты салық төлеушіге бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру болып табылады.
Салықтық есептілікті талдау нәтижелері бойынша кірістердің азаюы, шығыстардың заңсыз артуы, салық ставкаларының дұрыс қолданылмауы, жеңілдіктердің негізсіз қолданылуы және т.б. анықталған жағдайда камералдық бақылау хабарламалары жіберіледі.
Орындау отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады, бұзушылықпен келіскен жағдайда қосымша салық есептілігін ұсыну қажет.
Келіспеген жағдайда растайтын құжаттарды қоса бере отырып, түсініктеме беру талап етіледі.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексіне өзгерістер енгізілді, онда хабарламаға жауап бергендердің барлығына қатысты банктік шоттар бұғатталмайды.
Осылайша, кәсіпкердің қаржылық-шаруашылық қызметі шектелмейді.
Шоттар қойылған хабарламаға жауап бермеген жағдайда тоқтатылады.