Жарияланған күні: 07.02.2020 16:41
Өзгертілген күні: 07.02.2020 16:41

Камералдық бақылау дегеніміз ол салық төлеушi (салық агенті) ұсынған салықтық есептіліктерін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негiзiнде салық органдары жүзеге асыратын бақылау. Камералдық бақылау тәуекелдерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, яғни тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша – анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама, тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтар бойынша – хабармаланы анықталған бұзушылықтардың сипаттамаларын қоса салық төлеушіге  бұзушылықтар анықталған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей жолданады.

         Аталған хабарламаның орындалуы салық төлеуші (салық агенті) алған күннен кейiнгi күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

         Хабарлама орындалмаған жағдайда, салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп  шешiм шығарады және оны салық төлеушiге пошта арқылы, электронды түрде жолдайды немесе қол-ма қол табыс етеді.

         Салық төлеуші Шешімді табыс етілген (алынған) күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жоғары тұрған салық органына және (немесе) уәкілетті органға немесе сотқа шағым жасауға құқылы және шағымның көшірмесін шешімді жіберген салық органына жіберу тиіс.

         Егер, салық төлеуші шағымды беру мерзімін дәлелді себептермен өткізіп алған жағдайда, шағымды қарайтын салық органы және (немесе) уәкілетті орган бұл мерзімді шағым беретін салық төлеушінің (салық агентінің) өтінішхаты бойынша қалпына келтіреді,  яғни жеке тұлғаның, басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған кезде) еңбекке уақытша қабілетсіздігін растайтын құжаттары болған жағдайда.

         Аталған норма, жеке тұлғаларға, жоғарыда көрсетілген адамдарға, яғни басшысы немесе бас бухгалтері болмаған уақытта және оларды алмастыратын адамдардың болмауна байланысты қолданылады.

         Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағым берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатыңа жоғарыда көрсетілген адамдардың еңбекке уақытша қабілетсіздігін растайтын құжатты және осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдық құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.

         Салық төлеушінің (салық агентінің) шағым берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатын салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішхатты еңбекке уақытша қабілетсіздік кезеңі аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда қанағаттандырады.

          Шешімге жоғары тұрған салық органына Мемлекеттік кірістер департаментіне, комитетке  (МКД, МКК) немесе сотқа шағым берген кезде жоғарғы органның шешімі не (немесе) сот актісі заңды күшіне енгенге дейін салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жүзеге асырылмайды.

 

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы