Жарияланған күні: 27.12.2019 16:14
Өзгертілген күні: 27.12.2019 16:16

2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап құрылыс саласындағы барлық мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілік іріктеумен конкурс тәсілімен жүзеге асырылады (бұдан әрі - ААБ).

Әлеуетті өнім берушілердің құрылыс саласындағы сатып алуға қатысу талабы олардың мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған көрсеткіштерге сәйкес қаржылық тұрақтылық түріндегі біліктілік талаптарына сәйкестігі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 446, 447-тармақтарына сәйкес, әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығын Мемлекеттік кірістер органдарының мынадай мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайды:

        

          1) кірістер (айналым қаражаты);

          2) төленген салықтар;

          3) негізгі құралдар;

          4) еңбекке ақы төлеу қоры.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша алдын ала біліктілік іріктеуі бар конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші, егер ол жиынтығында мынадай шарттарға сәйкес келсе, қаржылық орнықты деп танылады:

          1) әлеуетті өнім берушінің кірістері (айналым қаражаты) өткен жылдың алдындағы үш жылдың ішінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде екіден бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды;

           2) төленген салықтардың көрсеткіші өткен жылдың алдындағы үш жылдың  ішінде  мемлекеттік  кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес әлеуетті өнім берушінің осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген (2021ж. бастап - 4%, 2022ж. бастап - 5 болжанады %)  кірісінен кемінде үш пайызды құрайды.

 

           Осы Қағидалардың мақсаттары үшін төленген салықтар көрсеткішінің есебі мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мынадай формула бойынша айқындалады:

             ТСК = ТС / ЖЖК х 100%,

          мұнда:

          ТСК-төленген салықтардың көрсеткіші;

          ТС-төленген салық сомасы;

          ЖЖК-әлеуетті өнім берушінің жиынтық кірісінің сомасы;

          3)әлеуетті өнім берушінің негізгі құралдарының орташа құны өткен жылдың алдындағы үш жылдың ішінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде он бестен бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды;

         

         4)әлеуетті өнім берушінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры өткен жылдың алдындағы үш жылдың ішінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде он бестен бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды.";

 

Әлеуетті өнім берушілер қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерінің өзгеруіне әкеп соғатын есептелетін үш жылдық кезең үшін қосымша салық есептілігін табыс еткен жағдайда, камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік сатып алу веб-порталында қаржылық тұрақтылық көрсеткіштеріне өзгерістер енгізілетін болады.

Ұсынылған салық есептілігі шеңберінде салықтарды төлеу кезінде көрсеткіштерге өзгерістер енгізу үшін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, ҚР ҚМ МКК жүгіну қажет.

Осылайша, әлеуетті өнім берушілерге салық міндеттемелерін нақты төлеу жолымен өзінің қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштерін арттыруға мүмкіндік беріледі.