Жарияланған күні: 28.10.2019 14:37
Өзгертілген күні: 28.10.2019 14:39

    

          Дүниежүзілік банк Қазақстанның бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша позициясын 3 тармаққа - 28 орыннан 25 орынға көтерді, деп хабарлайды primeminister.kz . «Doing Business» рейтингісіндегі Қазақстанның позициясын жақсарту Үкіметтің қолданыстағы заңнаманы реформалау, лицензиялау жүйесін жетілдіру, бизнесті құру процедураларын жеңілдету, мемлекеттік бақылау мен қадағалау қызметін оңтайландыру және бизнес-климатты жақсарту жөніндегі жүйелі жұмысының арқасында мүмкін болды.        

Елбасы Н.Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес бизнесті дамыту жағдайларын жақсарту жөніндегі жұмыс жалғасады.     

Дүниежүзілік банк жыл сайын бизнестің қолайлы жағдайлары бойынша 190 елдің рейтингін жариялайды. Талдау 10 көрсеткіш бойынша жүргізіледі, оның ішінде жаңа бизнес құруға, ғимарат салуға рұқсат алуға, электр инфрақұрылымына қол жеткізуге, меншік құқығын тіркеуге, несие алуға, миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғауға, салық салуға, халықаралық саудаға және т.б. шығындалатын уақыт пен ақша.

Қазақстан Исландия (26 орын), Австрия (27 орын), Ресей (28 орын), Жапония (29 орын), Испания (30 орын), Армения (47 орын), Беларусь (49 орын), Қырғызстан (80 орын) және көптеген басқа елдер. Doing Business рейтингісінде Жаңа Зеландия, Сингапур және Гонконг көш бастап тұр.

                                                                                                                                                                               Кедендік әкімшілендіру басқармасы