Жарияланған күні: 24.04.2019 10:43
Өзгертілген күні: 24.04.2019 10:45

Қазақстан Республикасындағы кедендік бақылау Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден органдарымен жүзеге асырылады.

          Кедендік бақылау түсінігі Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының сақталуын тексеруге және (немесе) қамтамасыз етуге бағытталған, кеден органдары жасайтын әрекеттер жиынтығын білдіреді.

Кедендік бақылау кеден органдарына ұсынылатын тауарлар және көлік құралдары, кедендік және басқа да құжаттарға қатысты жүргізіледі.

Сонымен қатар, кедендік бақылау   Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өтетін жеке тұлғаларға қатысты жүргізілуі мүмкін.

Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары кедендік бақылау объектілерінің, кедендік бақылау нысандарының және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шаралардың таңдалуы қағидатын негізге алады.

Кедендік бақылау объектілерін, кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды таңдаған кезде тәуекелдерді басқару жүйесі пайдаланылады; яғни оған қатысты  кеден органының лауазымды тұлғасы бақылау жүргізуге тиіс «Астана-1» АЖ кедендік бақылау объектісін өздігінен анықтайды.

Кеден органдары кедендік бақылауды жүргізу кезінде кедендік бақылаудың мынадай нысандарын қолданады:

      түсініктемелер алу;

      кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру;

      кедендік қарап-тексеру;

      кедендік жете тексеру;

      жеке кедендік жете тексеру;

      үй-жайларды және аумақтарды кедендік қарап-тексеру;

      кедендік тексеру.

Сонымен қатар, кеден органдары өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылаудың өзге де түрлерін, оның ішінде экспорттық, валюталық, радиациялық бақылауды жүзеге асырады.

      

       Кедендік бақылау басқармасы