Жарияланған күні: 23.04.2019 08:52
Өзгертілген күні: 23.04.2019 16:43

Қостанай облысы бойынша МКД 2019 жылдың 2 сәуірінде «Бизнес ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу туралы ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына  қол қойылғанын хабарлайды.

      10. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-I, 23-II, 110-құжат; 2018 ж., № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат) келесі өзгерістер енгізілді:

      1) 19-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес алынған кез келген ақпарат:

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органына;

      Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасына сәйкес тергеп-тексеру мақсаттары үшін Комиссияға;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақылық тергеп-тексерулерін жүргізу кезінде шет мемлекеттің және (немесе) шет мемлекеттер одағының құзыретті органына;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтемақы тергеп-тексеруін жүргізу кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің құзыретті органына және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссияға ақпарат беру жағдайларын қоспағанда, жария етілуге және таратылуға жатпайды.";

      2) 150-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) енгізілетін өзгерістер тауарларға арналған тіркелген декларацияда көрсетілген тауарларға қарағанда өзге тауарлар туралы мәліметтерді мәлімдеуге алып келетін жағдайларды қоспағанда, егер бұзушылықтар төленуге жататын кедендік төлемдер мен салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшеріне әсер етсе, бұзушылықтарды талап қоюдың ескіруі мерзімі ішінде (өздері бойынша көшпелі кедендік тексеру басталған кедендік декларациялардан басқа) дербес анықтаған және өз еркімен жойған;";

      3) 189-бапта:

      2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Декларанттың уәжді жолданымы бойынша толық декларацияны (толық декларацияларды) беру мерзімін кеден органы беруді аяқтауға қажетті, бірақ қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартады.";

      4) 266-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде салықтар мынадай тәртіппен есептеледі:

      1) есептелуге жататын қосылған құн салығының сомасы тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу жөніндегі операциялардың құны негізге алынып айқындалады.

      Егер қайта өңдеу өнімдерін кедендік декларациялау кезінде мәлімделген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу жөніндегі операциялардың құны құжатпен расталмаған не ұсынылған құжаттар осындай операциялардың құны туралы мәлімделген мәліметтерді растамаған жағдайда, ол осы баптың 3-тармағына сәйкес айқындалады.

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу жөніндегі операциялардың құны осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалады;

      2) осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, акциз толық көлемде есептеледі.

      Егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген тауарларды жөндеу Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу жөніндегі операция болып табылған жағдайда, акциздер есептелмейді және төленбейді.";

      5) 291-бапта:

      6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының ережелері өзінің шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағына осы баптың 7-1-тармағының ережелері ескеріле отырып, кейіннен пошта байланысының тағайындалған операторының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерге әкетуіне жататын пошта жөнелтілімдерін қалыптастыру мақсаттары үшін іргелес жатқан шет мемлекет аумағынан әкелінетін тауарларға қатысты қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Пошта байланысының тағайындалған операторы осы баптың 6-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген тауарлардан қалыптастырған халықаралық пошта жөнелтілімдерінің партиясы осындай халықаралық пошта жөнелтілімдерін осы Кодекстің 370-бабында көзделген ерекшеліктерді қолданып, кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастыра отырып, өзінің шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерге әкетілуге жатады. Бұл ретте пошта байланысының тағайындалған операторы Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде халықаралық пошта жөнелтілімдерінің қалыптастырылған партияларына қатысты көзделген құжаттарды өзінің шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағында ресімдейді.

      Пошта байланысының тағайындалған операторы осындай тауарлардан халықаралық пошта жөнелтілімдерінің партияларын қалыптастыру жөніндегі операцияларды жасау үшін іргелес жатқан шет мемлекеттің аумағынан әкелінетін шетелдік тауарларды есепке алуды жүргізеді.

      Пошта байланысының тағайындалған операторы бақылаушы мемлекеттік органның немесе құқық қорғау органының сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген тауарлар туралы мәліметтерді береді.";

      8-тармақтың екінші бөлігіндегі "тауарлардың тізбесін" деген сөздер "тауарлардың тізбесін және санаттарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Осы баптың 11, 12, 13 және 14-тармақтарының ережелері іргелес жатқан шет мемлекеттің аумағынан әкелінетін шетелдік тауарлардан халықаралық пошта жөнелтілімдерінің партияларын қалыптастыру жөніндегі операцияларды жасау үшін осындай тауарларға қатысты қолданылмайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларға қатысты, көрсетілген тауарлардан халықаралық пошта жөнелтілімдерінің партияларын қалыптастыруға, қалыптастырылған халықаралық пошта жөнелтілімдерін осы баптың 7-1-тармағына сәйкес өзінің шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағынан әкету кезінде Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарды ресімдеуге байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін уәкілетті орган кеден саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.";

      6) 369-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген және халықаралық пошта жөнелтілімдеріне ілеспе құжаттар халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларды – ішкі тұтыну үшін шығару, экспорт кедендік рәсімдеріне сәйкес, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан халықаралық пошта жөнелтілімдерімен әкетілген және алушыларға табыс етілмеген тауарларды кері импорт кедендік рәсіміне сәйкес кедендік декларациялау кезінде мынадай:

      1) осындай тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төленуге жатпайтын;

      2) осындай тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулер белгіленбеген, ішкі нарықты қорғау шаралары қолданылмайтын жағдайларда, тауарларға арналған декларация ретінде пайдаланылуы мүмкін.";

      7) 417-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Камералдық кедендік тексеруді кеден органдары тексерілетін тұлғаға бармай, сондай-ақ кеден органының камералдық кедендік тексеруді жүргізу туралы шешімін (нұсқамасын) ресімдемей, кеден органының тұрған жері бойынша жүргізеді.

      Кеден органы тексерілетін тұлғаны камералдық кедендік тексеруді жүргізудің басталғаны туралы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша хабардар етеді.

      Бұл ретте тексерілетін тұлғаға осы хабарламаның шеңберінде осы баптың 5-тармағына сәйкес құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсыну жөнінде талап жіберуге құқылы.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген, кеден органының басшысы немесе кеден органы басшысының орынбасары қол қойған хабарламаны жіберген күн камералдық кедендік тексеруді жүргізу басталған күн болып саналады.

      Камералдық кедендік тексеруді жүргізу мерзімі алты айдан аспауға тиіс.";

      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Камералдық кедендік тексеруді жүргізу үшін:";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Осы баптың 3-тармағының 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген негіздерді қоспағанда, кеден органы бұрын камералдық кедендік тексеру жүргізген тауарларға нақ сол кеден органының қайтадан камералдық кедендік тексеру жүргізуіне жол берілмейді.

      Осы Кодекстің 202-бабында көзделген шартты түрде шығарылған тауарларға, өздеріне қатысты 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 250-бабында және 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 427-бабында көзделген пайдаланылуы және билік етілуі бойынша шектеулер бар тауарларға қатысты, сондай-ақ осы Кодекстің 416-бабының 6-тармағында көзделген жүргізілетін камералдық кедендік тексеру нысанасы алдыңғы камералдық кедендік тексерулерде қамтылмаған жағдайларда қайтадан камералдық кедендік тексеруге жол беріледі.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Камералдық кедендік тексеруді жүргізу барысында кеден органы тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 426-бабында көзделген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ұсыну жөнінде талап жібереді.

      Құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну мерзімі талап табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қажет болған кезде, кеден органы құжаттарды ұсыну мерзімін тексерілетін тұлғаның уәжді сұрау салуы бойынша бес жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Камералдық кедендік тексеру кезінде тексерілетін тұлға кедендік декларацияда мәлімделген құжаттарды талап ету бойынша ұсынбаған жағдайда, осындай құжаттардың негізінде кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтер анық мәлімделмеген болып есептеледі.".