Жарияланған күні: 03.02.2021 17:58
Өзгертілген күні: 03.02.2021 17:58

Азаматтық қоғамды көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылға тарту мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті бірқатар пилоттық жобаларды жүзеге асыруда. Бұл туралы Комитет басшысы М.Сұлтанғазиев айтты.

Атап айтқанда, өз табысын жасыратын азаматтарға деген нөлдік төзбеушілік білдіретін азаматтық қоғамды тартуға бағытталған «Азаматтық бақылау - түбіртек талап ету» жобасы жүзеге асырылуда.

Жоба барысында Wipon мобильді қосымшасы арқылы чектердің берілмегені туралы 16,5 мың хабарлама келіп түскен, оның 5,5 мыңы расталған, олар үшін 4,5 млн.теңге сыйақы төленген.

Марат Сұлтанғазиев «дәрі-дәрмектерге арналған ЭШФ шығару бойынша» пилот туралы айтты. Жоба кез-келген түрдегі дәрі-дәрмектерді бақылау мақсатында 2020 жылы басталды. Қатысушылар саны 6,7 мыңға дейін өсті.

Азаматтық белсенділікті арттырудың тағы бір маңызды жобасы - бұл арнайы бейне және фотографиялық құралдарды қолдана отырып, «визуалды тексеру» пилоты. QR кодтары МКК веб-сайтында жасалынып, оның көмегімен сатып алушы сатушыны анықтай алады. Бұл бағыттағы түсіндіру жұмыстары басталып кетті.

ЕАЭО шеңберінде тауар айналымының  бақылануын қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылдың басынан бастап «Виртуалды қойма» модулінде ресімделетін тауарларға ілеспе құжаттар шығару жобасы басталды. .

«Бүгінгі күні бірқатар проблемалар анықталды, біз оларды шешуге кірістік. Пилот кезінде айыппұлдар қолданылмайтынын атап өткім келеді», - деді Сұлтанғазиев.