Жарияланған күні: 06.10.2023 09:44
Өзгертілген күні: 06.10.2023 09:46

Бидайды әкелуге алты ай мерзімге тыйым салынды (ЕАЭО СЭҚ ТН 100119; 100199):
- Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобиль көлігімен (2023 жылғы 11 қазаннан бастап);
- лицензияланған элеваторлардың, астық өңдеушілердің, құс шаруашылығы кәсіпорындарының атына темір жол көлігімен бидай әкелуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен темір жол көлігімен (2023 жылғы 26 қыркүйектен бастап).

Ағымдағы кезеңде бидайды 2023 жылғы 10 қазанда аяқталатын автокөлікпен әкелуге жарты жылдық тыйым қолданылады, осыған байланысты бидайды автокөлікпен әкелуге тыйым салу 2023 жылғы 11 қазаннан бастап күшіне енеді.