Жарияланған күні: 21.11.2019 11:14
Өзгертілген күні: 21.11.2019 11:24

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлайды, 100 нақты қадам – Ұлт жоспарырның 42 – ші қадамымен Қазақстан Республикасының азаматтары мен тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап кірістері мен мұлкін жалпыға бірдей декларациялауға көшуі көзделген.

Ағамдағы жылдың 3 шілдесінде жалпыға бірдей декларациялауды енгізуді 2020 жылғы 1 қаңтардан 2021 жылғы 1 қаңтарға аустыруды және бұдан әрі кезең – кезеңімен көшуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне каржы нарығын реттеу мен дамыту  және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (№262-VI ҚРЗ) Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Бірінші кезеңде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларынан, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардан және олардың жұбайларынан декларациялауды бастау ұсынылады.

Екінші кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т. б. саласын қоса алғанда) және олардың жұбайлары.

Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары.

Төртінші кезеңде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың қалған санаттары.

 

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы