Жарияланған күні: 26.04.2024 10:39
Өзгертілген күні: 26.04.2024 10:40

МКК-і, қазіргі уақытта МКК-нің ақпараттық жүйелерінде Кірістер және мүлік туралы Декларациясының (270.00 нысан) жаңартылған нысанын жүзеге асыру бойынша техникалық жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлайды.
Жүзеге асырудың мерзімі – 2024 жылдың 1 тамызына дейін.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің «Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 13 қыркүйектегі №927 Бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 29 наурыздағы №169 Бұйрығының әрекеті тоқтатылады.

Сонымен бірге, аталған нысанды 2023 жыл үшін табыс ету бойынша міндеттемені, 2021 жылы бекітілген декларацияның нысаны бойынша табыс етуге мүмкіншілік бар.

Егер, «қабылданды» деген мәртебемен Кірістер және мүлік туралы Декларацияның (270.00 нысан) қолданыстағы нысаны 2024 жылы табыс етілсе, декларацияны (270.00 нысан) қайта тапсырудың қажеті жоқ.