Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі халықты кеңінен қамту және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау мәселелеріне құқық иеленушілерді тарту үшін 2019 жылдың 6-17 мамыр аралығында «Контрафакт» республикалық акциясын өткізуді жоспарлады.
Аталған акция шеңберінде 16-29 жас аралығындағы жастар арасында «Қазақстанда контрафактілік жоқ» атты үздік қысқа бейнероликке (vine) және 14-16 жас аралығындағы балалар арасында «Зияткерлік меншік және мемлекет моделі 2050 жыл» атты үздік эссесіне республикалық конкурстар, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша интернет – конференцияға (2019 жылдың 13 мамырында), Нұр-Сұлтан қаласында «Контрафакт» акциясын аяқтау рәсімі өткізіледі.
Кедендік бақылау басқармасы