Жарияланған күні: 08.01.2024 12:15
Өзгертілген күні: 08.01.2024 12:16

2024 жылғы 05 қаңтарда Қостанай қаласы бойынша МКБ қызметкерлері Қостанай қаласының кәсіпкерлері үшін «ОӘД» және «Март» сауда орталықтарында көшпелі түсіндіру семинар өткізді.

Көшпелі семинардың негізгі мақсаты: арнайы салық режимдерін қолдану бойынша өзгерістер туралы, жалпыға бірдей декларациялауды, ЭШФ, СНТ, электрондық сауда туралы, аяқ киім өнімдерін таңбалау туралы, БКМ, е Salyq Azamat, e Salyq Bussines және басқа да өзекті тақырыптар бойынша түсіндіру.

Семинар барысында жеке кәсіпкерлерге жадынамалар, брошюралар табысталды.

Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы